Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Құрылымдық статистика басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2024 жылғы 07 шілдесіне дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңі)
Алматы қаласы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: А
Лауазым деңгейі: 7
Басқарма жұмысын басқару және ұйымдастыру, жоспарлау, сонымен қатар орындалуын қамтамасыз ету; бастапқы статистикалық деректерді өңдеу жұмысын ұйымдастыру; бастапқы деректердің толықтығын, уақытылығын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюро (бұдан әрі - Бюро) бекіткен статистикалық есептілік нысандарын толтыру жөніндегі әдіснамалық нұсқаулар мен инструкцияларды орындау; Бюроға статистикалық ақпараттың уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыру; статистикалық ақпараттың (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне және заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына сәйкес дайындауын бақылауды жүзеге асыру; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларының жүргізілуін бақылау; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсынуды бақылауды жүзеге асыру; респонденттермен оn-line тәртібіне көшу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; алғашқы статистикалық деректерді тапсыру тәртібінде бұзушылықтар табылса әкімшілік бұзушылық туралы хаттама толтыруға ұсыныстар беру; алғашқы статистикалық деректер бойынша респонденттермен жіберілген бұзушылықтар табылса, респонденттерден алғашқы статистикалық деректерден тұратын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуін талап ету; Ұлттық санақтарға дайындық және өткізуді үйлестіру және қатысу; ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау және бақылау жүргізу; Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді Құжаттаудың тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыру; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; басқарманың қызметін жақсарту бойынша іс-шараларға қатысуға; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау; Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өзінің құзыреті шегінде, Департаменттің мүдделерін басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде білдіру; басқарма қызметкерлерінен еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету; еңбек міндеттерін осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқару; әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп және үнемді пайдалану; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтау; қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау; өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125
-
8 (727) 375-21-88