ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің Заң басқармасының басшысы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: В

Лауазым деңгейі: 6

-басқарма жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға, үйлестіруге және оларды орындауды қамтамасыз етуге; басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес, олардың міндеттерін анықтауға және жұмыстарын бақылауға; қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауға; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға, Департаментте жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыруға; басқарма құзыреті шегінде, Департаментке келіп түскен құжаттар бойынша жұмыстарды ұйымдастырып олар бойынша тиісті есептілік пен ақпараттар дайындауға; нормативтік құқықтық актілерді келісу, хаттамаларды, хаттарды және Департаменттің қызметіне қатысты өзге де  құжаттарды олардың Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қарастыруға; жеке еңбек шарттары мен өтеулі негізде қызмет көрсету шарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етуге; құзыреті шегінде тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын заңдық сүйемелдеуге; Департамент қызметінің, қажет болған кезде Бюроның құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда танытуға; Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауы бойынша шаралар қабылдауға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер жоспарының орындалуы бойынша есепті жолдауға; тиісті сот ісін жүргізуге әкеп соққан Департаменттің қатысуымен өтетін даулар бойынша сот тәжірибесі негізгі себептері мен жағдайларын  анықтау мақсатында, талап қою жұмысының күйін талдауға; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда барлық сот инстанцияларында Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіп пен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінуге; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге; респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі уақытылы қозғауды ұйымдастыруға және бақылауға; респондент туралы деректер жоқ болған кезде заңнамада  белгіленген тәртіпте әділет, мемлекеттік кірістер органдарымен және ХҚКО мен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыруға; істі қарау туралы тиісті түрде хабарлағанда респонденттер белгіленген уақытта келмеген жағдайда респонденттердің қатысуынсыз әкімшілік істі қозғау және респондентке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы беру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте процедуралық әрекеттерді жүзеге асыруға; заңнамада көзделден негіздер болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің мәжбүрлеп орындау үшін атқару органдарынажәне   борышкердің (жеке тұлғаның немесе лауазымды тұлғаның) жұмыс орынына жіберілуін бақылауға; әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді қалыптастыру, жүргізу және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласының басқармасына (бұдан әрі – ҚР БП ҚС АБ) жөнелту жөніндегі жұмыстардың жүргізуін бақылауға; «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы»  1-АП есебін уақытылы қалыптастыруының, ҚР БП ҚС АБ деректер банкімен салыстыруын тексеру жүргізуін бақылауға; Бюроға, респонденттермнен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар санын және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы, ай сайын ақпаратты ұсынуға; Департаменттің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг және құқықтық сараптама жасауға; ведомствоға бағынысты ұйымның филиалдарымен өзара іс-қимыл кезінде Департаменттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуге; Басқарма қызметкерлерімен дайындалған құжаттардың сапалы және уақтылы болуын бақылауға; Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша, өзінің құызыреті шегінде, Департаменттің мүдделерін басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде білідруге; Басқарма құзыреті шегінде, Департаментпен ұйымдастырылатын жиналыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға; жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жетілдіру бойынша және сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудит кезіндегі анықталған Басқарма қызметінің кемшіліктерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеуге; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; Бюро және Департамент басшылығының бұйрықтарын, шешімдері мен нұсқауларын орындауға; Басқарма қызметкерлерінен еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауды талап етуге; ұлттық санақтарды дайындауға және өткізуге қатысуға және үйлестіруге; жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға; қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға; өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға; қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін жоғарлатуға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.01.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2022 – 31.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88