ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Құрылыс, инвестициялар және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2024 жылдың 17 тамызға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

басқарма жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыру және басқару, сонымен қатар орындалуын қамтамасыз ету; бастапқы статистикалық деректерді өңдеу жұмысын ұйымдастыру; бастапқы статистикалық деректердің толықтығын, уақытылығын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюро (бұдан әрі - Бюро) бекіткен статистикалық есептілік нысандарын толтыру жөніндегі әдіснамалық нұсқаулар мен инструкцияларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Бюроға статистикалық ақпараттың уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыруға; статистикалық ақпараттың (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындауын бақылауды жүзеге асыру; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларының жүргізілуін бақылау; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсынуды бақылауды жүзеге асыруға; Респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстардың (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізілуін ұйымдастыру; анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізуге; респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуді үйлестіру және қатысу; ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау және бақылау жүргізу; іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, құжаттаудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыру; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау; Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өзінің құзыреті шегінде, Департаменттің мүдделерін басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде білдіреді; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету; осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін атқару; әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтау, қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау; өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2021 – 03.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88