ҚР СЖРА ҰСБ Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жуалы ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы
Жамбыл облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Қосымша талаптар
|
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі. Бағдарламалаудың негізін білу (СУБД VISUAL FOXPRO 6.0, FOXPRO 2.0), OFFICE - 97-2007, ИАЖ «Е - статистика», Internet Explover, Интранет-порталмен, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен және электрондық почтамен жұмыс істей алу. |
Функционалды міндеттер
|
Статистикалық жұмыс Жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Жуалы ауданының аумағында орналасқан ауылдық (селолық) округтерден бастапқы статистикалық ақпараттар жинау. Бағалар статистикасы, сауда және қызметтер көрсету статистикасы бойынша есептер жинау және өңдеу. Тұрғын үй тіркелімін және бизнес тіркелімді жаңғырту бойынша жұмыс атқару. Шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарын есепке алу бойынша әрбір шаруашылыққа арналған кітап жазбаларының дәйектілігін тексеру. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізу. Департамент басшылығымен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.11.2021
- Тараз қ. Сүлейменов көш ,18 ҚР СЖРА ҰСБ Жамбыл облысы бойынша департаментінің ғимараты
-
8 7262 45-73-89