Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Заң бөлімінің бас маманы, 2 бірлік
Атырау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
сонымен қатар, заңгер мамандығы қажет етіледі.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Статистика департаментінің заңгерлік жұмыстарын ұйымдастыру. Департамент қызметіндегі Заңның сақталуын қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің, шешімдердің және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу және қажет болған жағдайда Департаменттің құрылымдық бөлімдерімен келісу. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеугеқатысу. Сондай-ақ, сотқа талап арыздарды беру, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша басшылыққа анықталған келеңсіздіктерді жою бойынша ұсыныс беру. Статистика саласына байланысты нормативтік құқықтық актілерді (енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) қызметкерлерге уақытылы таныстыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын түсіндіру және насихаттау, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын сәйкес Департамент қызметкерлерінің құқықтық оқытуын ұйымдастыру, құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында семинарлар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Қызметкерлерге құқықтық мәселе бойынша заңгерлік кеңес беру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізуді құқықтық сүйемелдеу, әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізуге қатысу. Тексеруді тағайындау туралы актіні уәкілетті органда тіркеу, тексеру туралы мәліметтердің есепке алу карточкаларын және тексеру қорытындысы туралы хабарламаларды уәкілетті органға жолдау жұмыстарын үйлестіру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу, оның орындалуын қадағалау және уәкілетті органдарға есеп беру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынғы ақпаратты жоғарғы органға ұсыну. Мемлекеттік кірістер органдарының ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органымен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жүргізілетін жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның қызметтік міндеттерін атқару. Заң бөлімінің істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Бөлім басшысының қызмет бабында қатысты өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.11.2021
- Атырау қ., Махамбет к., 116 Б
-
8(7122)32-42-56