Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Департаменттің жұмыс жоспарларының жасақталуын және орындалысын қамтамасыз ету. Статистиканың барлық салалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жұмысын ұйымдастыру. Департаментпен қалыптастырылатын барлық статистикалық жарияланымдардың уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Департаменттегі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалысын қамтамасыз ету. Департаменттің құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Электронды құжатайналымның бірыңғай жүйесінің жұмысын үйлестіру. Ақпараттық қауіпсіздік саясатын жүргізу және ережелерін сақтау жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарына мониторинг өткізу. Интернет-ресурстағы Департамент бөлімінің жүйелі жаңартылуын қамтамасыз ету. Бөлім құзыреті шегінде статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Департаменттің Сапа менеджменті жүйесінің жұмысын үйлестіру және талаптарын сақтау. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен әрекеттесу. Қазақстан Республикасында құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іс қағаздарын жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.10.2021 – 02.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.11.2021

Сұхбаттасу орны

Атырау қ., Махамбет к., 116 Б

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56