Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық технологиялар департаменті Метадеректер мен статистикалық процестерді үйлестіру және жүргізу басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарында қарастырылған жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру. Бюро ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын  бақылау және ұйымдастыру. Статистикалық процестерді және метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Метадеректерді жүргізу саласында әдіснамалық және әдістемелік түсініктемелер әзірлеу. Статистикалық процестерді және метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау. Бюроның деректер базасымен жұмысты үйлестіру. Бюроның деректер базасымен жұмысты мониторингілеу және құралдарды басқару. Бюроның деректер базасының «е-Статистика» ИАЖ-ның басқа компоненттерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Ақпараттық жүйелер бойынша құжаттаманы  әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік-құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2021 – 22.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.10.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29