Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Жұмыспен қамту және еңбекақы статистикасы басқармасының сарапшысы (С-5 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика

Функционалды міндеттер

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Ұлттық статистика бюросының және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыруға қатысу. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды ұйымдастыру үшін әдіснамалық және нұсқамалық материалдарды дайындау, Жұмыспен қамту бойынша үй шаруашылықтарын және кәсіпорындарды жалақы бойынша зерттеу статистикасы бойынша қосымша модульдерді, бағдарламалық кешендерді дайындау үшін құжаттар топтамасын әзірлеу, олардың қорытындыларын жариялау үшін материалдарды дайындау. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы әдіснамасының сақталуын, зерттеу қорытындыларының уақытында қалыптастырылуын және статистикалық ақпараттың шығарылуын бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2021 – 22.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.10.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29