Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Тіркелімдер бөлімінің жетекші маманы (уақытша, 05.06.2022ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)
Атырау облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Бөліммен қалыптастырылатын барлық статистикалық жарияланымдардың уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің респонденттермен он-лайн режимінде ұсынылуын арттыру шараларын қабылдау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету. Статистикалық тіркелімдердің сапалы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Әділет және мемлекеттік кірістер органдарынан түсетін электронды хабарламалардың уақытылы және сапалы өңделуін қамтамасыз ету. Бөлім құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Бөлім құзыреті шегінде респонденттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Бөлімнің істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада бас маман болмаған жағдайда, оның міндетін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.10.2021
- Атырау қ., Махамбет к., 116 Б
-
8(7122) 32-42-56