«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының басшысы
Қостанай облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын басқару (бақылау және үйлестіру), жұмыс жоспарларын белгіленген уақытта орындалуын қамтамасыз ету бойынша қызметті жоспарлау, «Е-статистика» ақпараттық жүйесі, «Респондент кабинеті» мобильдік қосымша және басқа ақпараттық дереккөздер арқылы алғашқы статистикалық есептерді ұсыну кезінде респондеттерді оқыту мен әдістемелік және кеңестік көмек беру, алғашқы статистикалық есептерді ұсыну тәртібін бұзушылықтар бойынша жұмыс, семинар-кеңестер ұйымдастыру және өткізу, ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу.
Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты және респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру (құқықтық құжаттаманы дайындау, ресімдеу, ақыл-кеңестер, құқықтық көмек көрсету және басқа), мемлекеттік статистика саласында заңнама нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша заңды, лауазымды және жеке тұлғалармен жұмыс.
Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 110003 г. Костанай, ул. Майлина, 2/4
-
+7 7142 535417