ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаменті Қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, 2022 жылғы 11 қаңтарды қоса алғанда, негізгі жұмыскер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есепке алуды және мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есептіліктерін жүргізу, мемлекеттік сатып алуды жүргізуде, еңбекақыны есептегенде қатысу, штат кестесін жасауға қатысу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Жарияланған күні: 18.05.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.05.2020 – 21.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    110003 Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2/4

    Анықтама алу үшін байланыс

    +7 7142 535417