ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылдың 16 қарашаға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
Бюроның құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, Департаменттерге келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді келісу; құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен тұжырымдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге тапсырмаларды орындау; Департамент пен Бюро қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент пен Бюроның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда таныту; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда барлық сот инстанцияларында Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну; әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен өзара іс-қимыл; респонденттерге статистикалық нысандарды тапсыру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық нормаларды түсіндіру және кеңес беру; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің уақытылы қозғалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылаудағы сәйкессіздіктерді анықтау; анықталған сәйкессіздіктер бойынша нормаларға сәйкес, әкімшілік материалдар толтыруға; толтырылған материалдарды тиісті мекемелерге жолдау; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін дайындау; респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі уақытылы қозғау; респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік статистика органдарына дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсынғаны үшін респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді уақытылы қозғау; респондент туралы деректер жоқ болған кезде заңнамада белгіленген тәртіпте әділет, мемлекеттік кірістер, хқко органдарымен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; оған істі қарау туралы тиісті түрде хабарлағанда респонденттер белгіленген уақытта келмеген жағдайда респонденттердің қатысуынсыз әкімшілік істі қозғау және респондентке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы беру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; іске қатысушыға тиісті түрде хабарлағанда ол Департаментке әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын лауазымды тұлғаға келмеген жағдайда әкімшілік іс материалдарын заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа қарау үшін жолдау; заңнамамен көзделген негіздер болған жағдайда әкімшілік іс істерді мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару органдарына және жұмыс орындарына жолдау (жеке немесе лауазымды тұлғаға); әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді қалыптастыру, жүргізу және ҚР БП ҚС АБ жөнелту жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы» 1-АП есебін уақытылы қалыптастыру, ҚР БП ҚС АБ деректер банкімен салыстырып тексеру жүргізу; Бюроға жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынға ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Алматы қаласының департаментіне ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; Ұлттық санақтардың дайындықтарына және санақтарға қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
87273752188