ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылдың 17 шілдесіне дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Туризм
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті статистикалық нысандар бойынша статистикалық әдіснаманы және басқа құжаттарды зерделеуге; Респонденттерді олардың алғашқы сатистикалық деректерді ұсынуы үшін статистикалық нысандармен және статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етуге; Статистикалық есеп нысандары бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар телефон арқылы; Респонденттермен оn-line тәртібіне көшу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; Респонденттің статистикалық нысанының екінші данасында одан алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазба еңгізуге (белгі) не респонденттен алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазбаша растау құжаттарын (бекітілген үлгіде) беруге; Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауды жүзеге асыруға және оларды «е-Статистика» ИАЖ-дағы «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулінде тіркеуге, алғашқы статистикалық деректерді салалық басқармалардың арасында бөлуге; Респонденттердің байланыс деректерін (нақты мекенжайы, е-mail, телефон нөмірлері) «е-Статистика» ИАЖ-ға еңгізуге; Алғашқы статистикалық деректерді қабылдау кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте  олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге; қабылданған есептерді беру журналында қолдарын қойғызумен тиісті басқармаға қабылданған есептерді беруге; Респонденттердің сұрауы бойынша ағымдағы жылға статистикалық нысандардың тізімін қағаз нұсқада (жүгіртпе) немесе флеш-картада, не электронды пошта арқылы ұсынуға; Автоқоңырау кестесін жасау, автоқоңырау бойынша жұмыстарды жүргізу; Респонденттерге бастапқы статистикалық деректердің және статистикалық байқаулар әдістерінің толықтығы, уақыттылығы, растығы және құпиялылығы жөнінде қойылатын негізгі талаптар туралы түсінік беруге; Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауға;  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау үшін, белгіленген мерзімде алғашқы статистикалық деректерді ұсынбаған респонденттердің есептерін хабарландыру хатымен бірге Басқарманың заңгерлеріне ұсынуға; Ұлттық санақтардың дайындықтарына және санақтарға қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2021 – 20.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88