ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2022 жылдың 19 қаңтарға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Филология
- Аударма ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
Құжаттаманың стандартты үлгілік ережелеріне сәйкес құжат айналымын жүргізу, құжаттарды қабылдау және алғашқы өңдеу,поштаны жөнелту; Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен БҚА-да кіріс және шығыс құжаттарының уақытылы рәсімделуін тіркеу және бақылау, сонымен қатар бірегей нөмірлері бар талондар беру; Белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға есептер дайындау және уақтылы ұсыну; Тілдерді дамыту мен қызмет етудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және есептерді уақытында ұсыну; Департаменттің жиынтық номенклатурасын әзірлеу; Сапа менеджменті жүйесінің ҚР-ДСА-09-11 «Мұрағаттық менеджмент» басшылыққа алып, мұрағат ісін жүргізу, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру, құжаттарды тұрақты сақтауға дайындау және архив қорына тұрақты сақтауға тапсыру; Қатаң есептілік нысандарын есепке алу, сақтау және жою; Департаменттегі БЖП жұмысын бақылау; Кіріс және шығыс телефон хабарламаларын бақылау және есепке алу; Департамент басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; Департамент басқармаларына іс қағаздарды жүргізу, ведомстволық мұрағат жұмысы және мемлекеттік тілді насихаттау бойынша тиісті түсініктемелер беру; Серверлерді, бағдарламалық жасақтамаларды сүйемелдеу; Статистикалық мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Желіні, серверлерді және телекоммуникациялық құрылғыларды және Е-статистика жұмысын бақылау; Департаменттің серверлік және байланыс жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; Адами фактор әсерін болдырмау үшін Департамент қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу; Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына жауаптар дайындау; Ұлттық санақтарды дайындауға және өткізуге қатысу; Іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88