Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы, санаты С-О-5, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 13.03.2023ж. дейін., коды № 04-04, 1 бірлік).
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Кассалық және банк операцияларын жүзеге асыру. Аймақтық Қазынашылық органмен, екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу. Касса бойынша операцияларды есепке алуын ұйымдастыру. Қаражаттарды дұрыс және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың СМЖ-нің жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шаруашылық шартты ресімдеу. Экономикалық есеп және шығын баптарына талдау жүргізу, 1-С Бухгалтерия бағдарламасындағы бухгалтерлік есеп шотында банктік операцияларды көрсету, ақша қаражаттарының нақты шығыстарын талдау, әртүрлі дебиторлар және кредиторлармен салыстыру актілерін ай сайын ресімдеу, штаттық кестені жасау, белгіленген мерзімде орындалған құжаттарды мұрағатқа тапсыру. Басқарманың СМЖ-ның жақсарту қызметі бойынша іс-шараларды жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Бизнес, басқару және құқық» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) бөлімнің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.08.2021
- Өскемен қаласы, Тоқтаров көш. 85
-
Телефон (8-7232) 25-26-21