Теміртау қаласының Статистика басқармасының жетекші маманы (1 бірлік, негізгі қызметкердің 2023 жылғы 02 желтоқсанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, №26-5, негізгі қызметкердің көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар) «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ
Қарағанды облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге барып профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарларын өткізуге қатысады. Респонденттерге және интервьюерлер мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.08.2021
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10
-
(8-7212) 41-45-31, факс: (8-7212) 41-45-70