ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

Бюроның  құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, Департаменттерге келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді келісу; құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен тұжырымдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге тапсырмаларды орындау; Департамент пен Бюро қызметінің  құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент пен Бюроның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда таныту; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда барлық сот инстанцияларында  Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну; әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен өзара іс-қимыл; респонденттерге статистикалық нысандарды тапсыру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық нормаларды түсіндіру және кеңес беру; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру:  респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі уақытылы қозғау; респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік статистика органдарына дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсынғаны үшін респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді уақытылы қозғау; респондент туралы деректер жоқ болған кезде заңнамада  белгіленген тәртіпте әділет, мемлекеттік кірістер, хқко органдарымен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; істі қарау туралы тиісті түрде хабарлағанда респонденттер белгіленген уақытта келмеген жағдайда респонденттердің қатысуынсыз әкімшілік істі қозғау және респондентке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы беру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; іске қатысушыға тиісті түрде хабарлағанда ол Департаментке әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын лауазымды тұлғаға келмеген жағдайда әкімшілік  іс материалдарын заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа қарау үшін жолдау; заңнамамен көзделген негіздер болған жағдайда әкімшілік іс істерді мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару органдарына және жұмыс орындарына жолдау (жеке немесе лауазымды тұлғаға); әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді қалыптастыру, жүргізу және ҚР БП ҚС АБ жөнелту жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы»  1-АП есебін уақытылы қалыптастыру, ҚР БП ҚС АБ деректер банкімен салыстырып тексеру жүргізу; Бюроға жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынға ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Алматы қаласының департаментіне ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; Ұлттық санақтардың дайындықтарына және санақтарға қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.06.2021 – 08.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88