ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы
Алматы қаласы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
Департамент қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, хаттамаларды, хаттарды және басқа да құжаттарды олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қарау, келісу; еңбек шарттары мен өтеулі қызмет көрсету шарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларын қолдану; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары бойынша құзыреті шегінде заңды сүйемелдеу; Департаметтің, қажет болған жағдайда Бюро қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен мүдделерін білдіру; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап-арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актілеріне барлық сот сатыларында шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы қолдаухатпен жүгіну; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Департаменттің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг және заңдық сараптама жүргізу; тиісті сот ісін жүргізуге себеп болған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында, талап қою жұмысының жағдайын, Департаменттің қатысуымен даулар бойынша сот практикасын талдауға; ведомстволық бағынысты ұйымның филиалымен өзара қарым-қатынас кезінде Департамент қызметін құқықтық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру; Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауы бойынша шаралар қабылдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер жоспарының орындалуы бойынша есепті жолдау; ұлттық санақтарды дайындауға және өткізуге қатысу; заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88