ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Филология
  • Аударма ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

құжаттаманың үлгілік ережелеріне сәйкес құжат айналымын жүргізу, құжаттарды қабылдау және алғашқы өңдеу,поштаны жөнелту; мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен БҚА-да кіріс және шығыс құжаттарының уақтылы рәсімделуін тіркеу және бақылау, сонымен қатар бірегей нөмірлері бар талондар беру; белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға есептер дайындау және уақтылы ұсыну; тілдерді дамыту мен қызмет етудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және есептерді уақытында ұсыну; Департаменттің жиынтық номенклатурасын әзірлеу; Сапа менеджменті жүйесінің ҚР-ДСА-09-11 «Мұрағаттық менеджмент» басшылыққа алып, мұрағат ісін жүргізу, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру, құжаттарды тұрақты сақтауға дайындау және архив қорына тұрақты сақтауға тапсыру; қатаң есептілік нысандарын есепке алу, сақтау және жою; Департаменттегі БҚА жұмысын бақылау; кіріс және шығыс телефон хабарламаларын бақылау және есепке алу; Департамент басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; Департамент басқармаларына іс қағаздарды жүргізу, ведомстволық мұрағат жұмысы және мемлекеттік тілді насихаттау бойынша тиісті түсініктемелер беру; серверлерді, бағдарламалық жасақтамаларды сүйемелдеу; статистикалық мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; желіні, серверлерді және телекоммуникациялық құрылғыларды және Е-статистика жұмысын бақылау; Департаменттің серверлік және байланыс жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; адами фактор әсерін болдырмау үшін Департамент қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу; өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына жауаптар дайындау; ұлттық санақтарды дайындауға және өткізуге қатысу; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.06.2021 – 08.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88