Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Еңбек статистикасы басқармасының бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Функционалды міндеттер
Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; АСБ және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасынан алынған алғашқы статистикалық мәліметтердің негізінде еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқаулар қалыптастырады; еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша бюллетеньдер, жедел-ақпараттар, баспасөз хабарламасы және басқа статистикалық материалдарды дайындайды; статистикалық тіркелім мәліметтерін жаңғыртады; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті және статистикалық нысандар бланкілерімен сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы бойынша аудандық және қалалық интервьюерлермен жұмыс жүргізеді және әдістемелік көмек көрсетеді, нұсқама өткізеді және олардың жұмыс сапасын бақылап, сауалнаманы тексереді; басқарма номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттар дайындайды; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112) 50-95-25