Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

      Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызметкерлерге және техникалық персоналға еңбекақы және сұхбат алушыларға, респонденттерге зерттеу жұмыстарының ақысын  есептеу, ұстап қалу, аудару бойынша жұмыс жасау, іссапар шығындарын аударады, қаржылық қызметтер, заңнамаға сәйкес салық төлемдері басқа да төлемдер бойынша есепті жүзеге асырады, №5 мемориалдық ордерді жүргізеді, мұрағат құжаттарын дайындайды, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Еңбек  көрсеткіштерді, қызметкерлердің санын және жалақысын есепке алу, талдау жүргізу және статистикалық есептілікті жасау. Салық органдарына уақтылы декларацияны тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; келіп түскен сұрауларға сәйкес, мұрағат құжаттарындағы мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасау;  ұзақ мерзімді активтер және материалдық қорлар есебін жүргізу (№9,10,13,24 мемориалдық ордерлер), уақытында  басшы мен материалды жауапкершілік тұлға арасындағы толық материалды жауапкершілік туралы келісім шарт дайындап жасайды, белгіленген тәртіпте департамент тенгеріміндегі жарамсыз күйге түскен негізгі құралдар және материалдық емес активтерді есептен шығару туралы және негізгі құралдар және материалдық емес активтерді қабылдау туралы құжаттарды дайындайды; көрсетілген қызметтерге, жұмыстарға (коммуналдық қызметтер, үй- жайды жалға алу және басқа)  жеткізушілер және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебін жүргізеді, жасалған шарттарды қабылдау және өтінім арқылы қазынашылық  аумақтық бөлімшеден өткізеді, ұсынылған шот-фактуралар, орындалған қызметтер мен жұмыстар актілері негізінде ақы төлеу (№1,6,7 мемориалдық ордерлер); алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.06.2021 – 10.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

 (8-7112) 50-95-25