Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Полиграфия
- Туризм
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Функционалды міндеттер
Департамент жоспарында көзделген жұмыстарды уақтылы және сапалы орындау. Ресми статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құжаттар жобаларын дайындау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату процесін жетілдіру. Ресми статистикалық ақпаратты тарату саласында салалық департаментер қызметін үйлестіру. Ресми статистикалық ақпаратты тарату саласында аумақтық статистика органдарының қызметін үйлестіру. Пайдаланушылардың сұрауларына жауаптар қалыптастыру; ресми статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимыл. Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара іс-қимыл және жұмысты үйлестіру, оның ішінде баспасөз конференцияларын, брифингтер ұйымдастыру, баспасөз хабарламаларын және т.б. материалдарды дайындау; Бюро және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін БАҚ-та жариялау; БАҚ-ты жедел мониторингілеу. Департамент ұйымдастыратын іс-шараларды дайындау және өткізуге қатысу. Ресми статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша халықаралық жобалар мен семинарларға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.06.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29, 74-97-87