ҚР СЖжРА ҰСБ Алматы қаласы бойынша департаментінің Үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы басқармасының бас маманы
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
берілген учаскелер бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу жұмысын ұйымдастыруға; сұхбат алушылар арасында зерттеу материалдарын бөліп беру және осы материалдардың мүлтіксіз есепке алынуын жүргізуге; сұхбат алушылар мен респонденттерге бастапқы статистикалық деректердің және статистикалық зерттеу әдістерінің толықтығы, уақытылығы, дұрыстығы мен құпиялылығы бойынша қойылатын негізгі талаптар жөнінде түсіндірмелер беруге; «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, төменде аталған нысандар бойынша бастапқы статистикалық деректерді қабылдауды, бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға: D-003 – күн сайынғы шығындар күнделігі, D-004 – табыстар мен шығындар туралы тоқсан сайынғы сұраунама, D-005 – тоқсан сайынғы шығындарды есепке алу журналы, D-006 – негізгі сұхбат үшін жыл сайынғы сураунама, D-008 – үй шаруашылығы құрамын бақылау карточкасы, бір жолғы нысан (жылына 1 рет); сұхбат алушының жұмысын бақылауды жүзеге асыруға; статистикалық ақпарат шығару кестесі мен заңды және жеке тұлғалардан түсетін сауалдарға сәйкес статистикалық ақпаратты (бюллетендерді, баспасөз хабарламаларын, баяндамалардың тарауын) дайындауға; респонденттермен оn-line тәртібіне көшуі бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу; ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг, талдау жүргізу; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125
-
8 (727) 375-21-88