Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әкімшілік жұмыс департаменті Бухгалтерлік есепке алу басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Функционалды міндеттер

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жасауға қатысу; Басқарманың жұмысын ұйымдастыру мен әдістерін жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу; процестерді тұрақты жақсарту және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу бойынша ұсыныстарды жасау, бюджеттік шығыстар бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар дайындау; Басқарманың қызметі және міндеттерінен туындайтын өзге де тапсырмаларды орындау.

Жалақыны есептеу, салықтарды ұстау және аудару, қызметкерлер бойынша деректерді енгізу, бастапқы құжаттарды (жұмыс уақытын есепке алу табельдері, жұмысқа жарамсыздық туралы парақтар, бұйрықтар) өңдеу, анықтамалар беру, № 5 мемориалдық ордерді жүргізу  (жалақыны есептеу), СК-ге декларациялар әзірлеу және тапсыру, аударылған зейнетақы жарналары туралы статистикалық есептіліктерді, мәліметтерді   ЖЗҚ-ға тапсыру, бюджетті орындау және үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу; есептілікті белгіленген мерзімдерде дайындау, бастапқы есепке алу құжаттамасын дайындау, олардың қозғалысына байланысты операциялардың бухгалтерлік есепке алу шоттарында уақтылы көрсетуді ұйымдастыру.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: дебиторлық берешек туралы есеп құрастыру;  белгіленген мерзімде дебиторлық және кредиторлық берешектердің  өндіріп алынуын және өтелуін бақылау; есептің синтетикалық және талдамалық шоттарының сәйкестігін бақылау; негізгі құралдарды және тауарлық-материалдық құндылықтардың түсімін және жұмсалуын есепке алуды қамтамасыз ету; олардың қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте уақытында көрсетілуін бақылау, өткізу ережелерін сақтаумен тауарлық-материалдық қорға түгендеу өткізуді ұйымдастыру; есеп беретін адамдармен материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасау, есеп беретін адамдардың ақшалай қаражаттың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;  статистикалық есептер мен қоршаған ортаны қорғау туралы белгіленген мерзімдерде есептіліктерді дайындау. Бюджетті орындау және үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу. Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шеңберінде басшылықтың барлық нұсқаулары мен өкімдерін орындау. Бюроның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру; материалдық және еңбек ресурстарының үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталуын бақылау; құжаттардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Documentolog – бұлтты құжатайналымының жүйесiнде жұмыс.          

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.04.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2021 – 08.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.04.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-94-46, 74-35-30,  74-95-29, 74-97-87