Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сырым ауданы статистика басқармасының жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2023 жылғы 6 желтоқсан аралығында)
Батыс Қазақстан облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Математика
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, менеджмент, бухгалтерлік есеп, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компъютерлік модельдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау), ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия, зоотехния, ветеренария, ауыл шаруашылығын механикаландыру).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидатта техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Функционалды міндеттер
Ауданның (қаланың) статистика басқармасы бойынша статистикалық жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді бақылайды; ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер қорын толтырады, жүргізеді және оны өзектендіруді қамтамасыз етеді; статистикалық жинақ дайындауға қатысады; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіреді; интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады; әкімшілік дерек көздермен өзара қарым-қатынас жасау; департаменттің салалық басқармаларының сұрауларына ақпараттар дайындауды жүзеге асырады, респонденттерді статистикалық құралдармен қамтамасыз етеді; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; Респонденттерді статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; респонденттерге кеңес береді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112) 50-95-25