Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Еңбек статистикасы басқармасының жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2022 жылғы 1 наурыз аралығында)

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

 Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.     

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Функционалды міндеттер

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; АСБ және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасынан  алынған алғашқы статистикалық мәліметтердің негізінде еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқаулар қалыптастырады; еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша бюллетеньдер, жедел-ақпараттар, баспасөз хабарламасы және басқа статистикалық материалдарды  дайындайды; статистикалық  тіркелім мәліметтерін жаңғыртады; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті және статистикалық нысандар бланкілерімен сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы бойынша аудандық және қалалық интервьюерлермен жұмыс жүргізеді және әдістемелік көмек көрсетеді, нұсқама өткізеді және олардың жұмыс сапасын бақылап, сауалнаманы тексереді; басқарма номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттар дайындайды; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды.                

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2021 – 06.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7112) 50-95-25