Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шал ақын ауданы Статистика басқармасының басшысы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бастапқы статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу жұмыстарын, оларды ҚР СЖРА ҰСБ СҚО бойынша департаментіне жіберілуін ұйымдастыру. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, анықтығын және жеткіліктігін, заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ету. Серпінділік қатарын жүргізу. Ауданның және халық қоныстарының әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараттық-статистикалық мәлімет базаларды жинау, жүргізу және көкейтесті етуін қамтамасыз ету. Статистикалық бизнес-тіркелімді көкейтесті ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Бастапқы статистикалық мәліметтердің құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдамалық материалдарды, пресс-релиздерді дайындау. Бастапқы статистикалық мәліметтерді толтыру мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу, респонденттерге кеңестік қолдау көрсету. Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша іріктеме зерттеулер өткізу үшін интервьюерлер іріктеп алу, олармен оқыту семинарлары мен нұсқаулық өткізу. Интервьюерлер көрсеткен қызметтер бойынша бақылау іс-шараларын жүзеге асыру. Департаменттің салалық басқармаларымен өзара әрекеттесу, алғашқы есепке қоюды жетілдіру, есептілікті жинауды және өңдеуді ұйымдастыру, талдамалық материалдарды дайындау бойынша жұмысқа бақылау жүзеге асыру, жұмыстарын бағалау.Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер қатысында бақылау функцияларын жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2021 – 26.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

31.03.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті, 150008 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама телефоны: (8-7152)36-11-29