ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының жетекші маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылдың 30 қыркүйекке дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Барлық жалпы конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-6 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта бар болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытынды.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен сонымен қатар сарапшылар шақырылуы мүмкін.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті статистикалық нысандар бойынша статистикалық әдіснаманы және басқа құжаттарды зерделеуге; Респонденттерді олардың алғашқы сатистикалық деректерді ұсынуы үшін статистикалық нысандармен және статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етуге; Статистикалық есеп нысандары бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар телефон арқылы; Респонденттермен оn-line тәртібіне көшу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; Респонденттің статистикалық нысанының екінші данасында одан алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазба еңгізуге (белгі) не респонденттен алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазбаша растау құжаттарын (бекітілген үлгіде) беруге; Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауды жүзеге асыруға және оларды «е-Статистика» ИАЖ-дағы «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулінде тіркеуге, алғашқы статистикалық деректерді салалық басқармалардың арасында бөлуге; Респонденттердің байланыс деректерін (нақты мекенжайы, е-mail, телефон нөмірлері) «е-Статистика» ИАЖ-ға еңгізуге; Алғашқы статистикалық деректерді қабылдау кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге; Қабылданған есептерді беру журналында қолдарын қойғызумен тиісті басқармаға қабылданған есептерді беруге; Респонденттердің сұрауы бойынша ағымдағы жылға статистикалық нысандардың тізімін қағаз нұсқада (жүгіртпе) немесе флеш-картада, не электронды пошта арқылы ұсынуға; Автоқоңырау кестесін жасау, автоқоңырау бойынша жұмыстарды жүргізу; Респонденттерге бастапқы статистикалық деректердің және статистикалық байқаулар әдістерінің толықтығы, уақыттылығы, растығы және құпиялылығы жөнінде қойылатын негізгі талаптар туралы түсінік беруге; Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауға; Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау үшін, белгіленген мерзімде алғашқы статистикалық деректерді ұсынбаған респонденттердің есептерін хабарландыру хатымен бірге Басқарманың заңгерлеріне ұсынуға; Ұлттық санақтардың дайындықтарына және санақтарға қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88