ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Баға статистикасы басқармасының бас маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Барлық жалпы конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

        3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта бар болуын тексереді:

            1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат;

            2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытынды.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

 1) Өтініш;

 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

            Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық  жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен сонымен қатар сарапшылар шақырылуы мүмкін.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

Функционалды міндеттер

Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізуге; респонденттермен статистикалық есептілік нысандары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізуге; статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізуге; «Мемлекеттік статистика туралы» заңының 12 бабы 17,18 тармағын негізге ала отырып бастапқы статисткалық мәліметтерді жинақтау, бақылау және өзгертулерді енгізу нысандары бойынша Б-101 (тұтыну бағалары индесі), 1-ТҮРБ тұрғын үй нарығындағы бағалары, Б-101 (апта сайынғы мониторинг) - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша, Б-101 (Халықаралық салыстыру бағдарламасы),  1-ӨБ «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдеріне (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасы және өнідірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасы туралы есебі», 1-Ц (экспорт, импорт) «тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп», 1-ҚМБ сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкиялардың бағасы туралы есеп, 1-тариф (азаматтық авиация) әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері, 1-тариф (автомобиль)  автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері,  1-тариф (құбыр) құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері, 1-Б (көтерме) өнімдердің, тауарлардың көтерме сауда (жеткізілім) бағасы туралы есеп, 1-тариф (байланыс) «заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтерінің тарифтері», 1-тариф (курьер) «Заңды тұлғаларға арналған курьер қызметтерінің тарифтері», 1-Б (жалдау) «Коммерциялық жылжымайтын мүлік жалдау бағалары туралы есеп», 1-ТҚ «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және сату бағалары мен көлемі», Б-200 «Базарлардағы ауыл шаруашылығы өнімінің бағасы», 1-Ц (көрсетілетін қызметтер) «Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағалары туралы есеп»; статистикалық ақпаратты шығару кестесі мен заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына сәйкес статистикалық ақпаратты (бюллетендерді, жедел ақпараттарды, жинақтарды, баяндамаларды) дайындауға; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізуге; SpRecord мамандырылған жүйесі арқылы респонденттерді автохабарландыру үшін кәсіпорындардың тізімін уақытында ұсыну; респонденттермен оn-line тәртібіне көшуі бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг, талдау жүргізу; ұлттық санаққа дайындық және өткізуді қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2021 – 25.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88