Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жиынтық жұмыстар басқармасының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 8 ақпанға дейін)
Маңғыстау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
послевузовское или высшее образование:
Функционалды міндеттер
Сапа саласында, сапа менеджменті жүйесін дамыту саласындағы мақ-саттарға қол жеткізуге бағытталған шараларға қатысуға. Сапа менед-жменті жүйесінің талаптарын орындауға. Ақпараттық материалдарды www.stat.gov.kz интернет-ресурсына уақытылы орналастыруды бақылау. Департамент жариялайтын статистикалық материалдарды қалыптастыру; сайтта орналастыру үшін статистикалық жарияланым-дардың электронды нұсқаларын тапсыру, әкімдіктердің сұрауларын орындау; Департаменттің салалық Басқармаларының жарияланымдық қызметтерін үйлестіру; «Ашық есік» күні шарасын ұйымдастыруға қатысу, статистикалық жарияланымдардың жылдық кестесін қалыптастыру. Q-002 нысаны бойынша статистикалық бақылау өткізуді ұйымдастыруға және статистикалық бақылаудың нәтижелері бойынша есептер дайындауға. Баяндаманың, жарияланымдардың, бюллетеньдердің, баспасөз бетшелерінің, жинақтардың, жылнамалардың жасақтау стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру. Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін және техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және бақылауға. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруға. Пайдаланушылардың тіркелуін және серверлік үй-жайларда әкімгерлерді бақылауға. Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі (ЭҚАБЖ) Lotus Notes жұмысын үйлестіру. Департаментке жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, 1-ОЛ нысаны бойынша есептерді жасау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ғимаратында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сарапшылар шақырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат: конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.03.2021
- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 41 ғимарат
-
тел.: 319155, 319056, факс: 319160,319067