Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жиынтық жұмыстар басқармасының басшысы
Маңғыстау облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға, үйлестіруге және орындалуын қамтамасыз етуге. Өз құзыретінің шеңберінде Департамент басшысының бұйрықтарының, өкімдері мен тап-сырмаларының белгіленген мерзімде сапалы да уақтылы орындалуын бақылауға. Департаменттің жоспарлы және есептік құжаттарын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыруды жүзеге асыруға. Басқармамен ұйымдастырылатын Басқарманың өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша жиналыстарға, семинарларға, нұсқаулықтар, дөңгелек үстелдерге материалдарды жинауға қатысуға. Сапа менеджменті жүйесі бойынша құжаттар жобаларын жасау мен өзектендіруді ұйымдастыруға және үйлестіруге. Сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ISO 9001-2016 талаптарына сәйкестігін бекіту мақсатында ішкі сапа аудитін жүргізуге қатысуға. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдардың сапалы дайындалуын қамтамасыз етуге. Құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуына және Lotus Notes бірыңғай жүйесінің жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.03.2021
- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 41 ғимарат
-
байл/тел.: 319155, 319056, факс: 319160,319067