Баға статистикасы басқармасының бас маманы (С-0-5 санаты, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 01.09.2021 жылға дейін).
Шымкент қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Экономика
- Әлемдік экономика
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Қосымша талаптар
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
- Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, әлемдік экономика, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, тауартану және ұйымдастыру, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, статистика), техникалық ғылымдар және технология (автоматтандыру және басқару, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету), құқық мамандықтары.
Функционалды міндеттер
Құзыреті шегінде статистикалық жұмыстар жоспарымен қарастырылған жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу. Бекітілген әдістемеге сәйкес ресми статистикалық ақпараттың қалыптастырылуын қамтамасыз ету. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес ресми статистикалық ақпараттың таратылуын қамтамасыз ету. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз ету. Статистикалық нысандар бойынша респонденттерге оқыту семинарларын жүргізу. Пайдаланушыларға ақпараттық және респонденттерге әдістемелік көмек көрсету. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізу. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2021
- «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ, 160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а
-
8 7252 39 50 45