Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (С-0-5 санаты, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 01.06.2022 жылға дейін).

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық
  • Экономика
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  2. Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, статистика, әлеуметтану), техникалық ғылымдар және технология (автоматтандыру және басқару, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету), құқық мамандықтары.

Функционалды міндеттер

Алғашқы статистикалық деректерді «бір терезеде» қабылдауды, тіркеуді, алғашқы статистикалық деректерді салалық басқармалар арасында бөлу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Алғашқы статистикалық деректерді қағаз жеткізгіште және онлайн режимде ұсыну мәселелері бойынша респонденттерге консультациялық көмек көрсету. Респонденттерді статистикалық нысандар бланкілермен және оларды толтыру жөнінде нұсқаулықтармен қамтамасыз ету, олардың сұраныстары бойынша статистикалық нысандар тізімін ұсыну. Респонденттер үшін ақпараттық материалдарды дайындау, оны интернет-ресурстар мен ақпараттық стендтерде орналастыруды және жаңартуды жүзеге асыру. Респонденттерге оқыту семинарларын жүргізу жоспарын қалыптастыру және оның орындалуын бақылау. Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша респонденттерге қатысты респонденттерге бармай прфилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізу. Нормативтік актілер жобаларын әзірлеу және құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды дайындау. Департамент құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша департамент атынан түсіндірулер дайындау. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғау. Процессуалдық актілерді атқарушылық іс жүргізу органдарына мәжбүрлеп орындату үшін жіберу. Әкімшілік практиканы жүргізу сұрақтары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, респонденттерге статистика саласындағы заңнама нормалары бойынша кеңес беру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шараларды қабылдау. Құқықтық жалпы оқытуды және қолданыстағы заңнамаларды түсіндіруді жүргізу. Құзіреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.03.2021 – 05.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.03.2021

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ, 160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а

Анықтама алу үшін байланыс

8 7252 39 50 45