Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық санақтар департаменті Ұлттық санақтар әдіснамасы басқармасының сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2022 жылғы 13 шілдеге дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Мұнай газ ісі
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
Функционалды міндеттер
Статистика және ұлттық санақ саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және Басқарманың жоспарлы құжаттарын әзірлеу және есепті құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингіні жүзеге асыруға, ұлттық санақты өткізу бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Ұлттық санаққа дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіру, оны әдіснамалық және нұсқаулықты сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру. Ұлттық санақ әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытылы қалыптастырылуын, сонымен бірге ұлттық санақтың қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.03.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29, 74-97-87