Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

заңгер мамандығы қажет етіледі.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Қаржы, кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу және т.б. салалардағы барлық құқықтық актілерді құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыру. Басқарма құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Басқарма құзыреті шегінде тиісті уәкілетті және сот органдарында Департамент мүддесін білдіру. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.03.2021 – 15.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.03.2021

Сұхбаттасу орны

Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56