ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің 2021 жылғы 30 шілдеге дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне) (№10-15, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқық
- Экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, экономикалық шолу, талдамалы жазбалар, жедел-ақпараттар, жинақтар шығару. Серпінділік қатарын жүргізу; Статистикалық жұмыстардың сапалы, уақытылы, дұрыс орындалуына бақылау жасау. Дүкендер мен базарлардың бағасын тіркеу. Статистикалық есеп каталогтарын жаңғырту және дайындау. Тексеруді қорытындылау; Нұсқаулық шолу хаттарын дайындау, нұсқаулар мен семинарлар өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Марков көшесі, №44
-
8 (727) 271-54-98