Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы, санаты С-О-6 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 22.12.2022ж. дейін, коды № 15-12) 1 бірлік
Шығыс Қазақстан облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бағалар парағына сәйкес, тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағаларына уақытылы және сапалы тіркеу жүргізу, өткен баға тіркеумен салыстырғандағы бағаның ауытқуын тексеріп, олардың ауытқу себептерін анықтау; ассортиментті түрінің жоғалған және өзектілігін жоғалтқан тауарларды және қызметтерді уақытылы ауыстырып отыру; тауарлық шағын топтар бойынша бағалық жағдайға талдау жүргізу. Байқаулар үшін белгіленген өнім түрлерін, тауарлардың және қызмет көрсету тізбелерін алмастыру үшін нарық жағдаятын зерделеу. Ісқағаздар жүргізу және мұрағат бойынша жұмыс. Серпінділік қатарларын жүргізу. Бағалар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдық басылымдарды дайындау және шығару. Басқарманың СМЖ-нің жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.03.2021
- Өскемен қаласы, Тоқтаров көш. 85
-
Байланыс телефоны (8-7232) 25-26-21