«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Өнеркәсіп, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының жетекші маманы (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, 2023 жылғы 12 қарашаны қоса алғанда)
Қостанай облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Бағалау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Алғашқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу, статистикалық бақылау әдістемесіне сәйкес базаны қалыптастыру. Экономикалық жұмыс, бекітілген салалар бойынша ақпараттық-талдамалы және статистикалық материалдарды дайындау.
Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты және респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 110003 г. Костанай, ул. Майлина, 2/4
-
+7 7142 535417