Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Функционалды міндеттер
Басқармаға басшылық ету, Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Басқармаға жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына, еңбек тәртібінің сақталуына жауапкершілік; Бюроның ақпараттық қауіпсіздігі мен мемлекеттік құпияларды сақтауды қадағалау; Бюродағы ақпараттық қауіпсіздік саясатының орындалуын қадағалау; Бюроның активтерін басқарумен байланысты рәсімдерді ұйымдастыру және жүргізу; Бюроның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі мен қауіп-қатерлерін басқарумен байланысты рәсімдерді ұйымдастыру және жүргізу; Қазақстан Республикасының бекітілген Заңнамасына сәйкес сәйкестендірілмеген деректер қорларының құпиялылығының сақталуын тексеруді ұйымдастыру мен қадағалау; Бюроның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі техникалық құжаттарын жетілдіруді ұйымдастыру және қатысу; Басқарма құзіреті шеңберінде Бюроның бюждеттік бағдарламаларын жоспарлауды ұйымдастыру және қатысу; Басқарма қызметкерлері дайындайтын құжаттардың сапасын және уақтылылығын бақылау; Басшылықтың тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын бақылау; Бюро басшылығының тапсырмасы бойынша, өз құзыретінің шеңберінде басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде Бюро атынан өкілдік ету; өз құзыреті шегінде халықаралық жобаларға қатысу; Қазақстан Республикасының статистика мәселері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.02.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29, 74-97-87