Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

204046 - 275719

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Білім: математика

Функционалды міндеттер

Департаментке басшылық ету, Департамент құзыреті шегінде статистикалық жұмыстар жоспарын, стратегиялық және операциялық жоспарларды қалыптастыру және орындалуын бақылау. Ұлттық есеп жүргізу, құрылымдық және конъюнктуралық статистика бойынша бекітілген әдіснаманың сақталуын бақылау. Жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау. Ұлттық шоттар жүйесін, құрылымдық және конъюнктуралық статистиканы дамытуды қамтамасыз ету. Департамент басшысының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру. Департамент құрамындағы басқармалардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Департаменттің барлық басқармалары бойынша жиынтық ақпарат дайындау. Ұлттық шоттар жүйесі, құрылымдық және конъюнктуралық статистика саласында жаңа әдіснамалық тәсілдерді енгізу және халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды бейімдеу. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросын басқа департаменттерімен Ұлттық есеп жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Департамент құзыретіне кіретін мәселелері бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа да өкілді органдарда ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросын білдіру. Халықаралық іс-шаралар мен жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесінің және қызметтік әдеп талаптарын сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2021 – 16.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.02.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29, 74-97-87