ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылдың 16 қарашаға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.       

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық  жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды басқару қызметін хабардар етеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Қазақстан Республикасының Стратегиялық  жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

Функционалды міндеттер

Бюроның  құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, Департаменттерге келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді келісу; құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен тұжырымдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге тапсырмаларды орындау; Департамент пен Бюро қызметінің  құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент пен Бюроның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда таныту; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда барлық сот инстанцияларында  Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну;  әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен өзара іс-қимыл; респонденттерге статистикалық нысандарды тапсыру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық нормаларды түсіндіру және кеңес беру; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің уақытылы қозғалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;  мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылаудағы сәйкессіздіктерді анықтау; анықталған сәйкессіздіктер бойынша нормаларға сәйкес, әкімшілік материалдар толтыруға; толтырылған материалдарды тиісті мекемелерге жолдау; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін дайындау; респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі уақытылы қозғау; респондентке оның процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік статистика органдарына дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсынғаны үшін респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді уақытылы қозғау;  респондент туралы деректер жоқ болған кезде заңнамада  белгіленген тәртіпте әділет, мемлекеттік кірістер, хқко органдарымен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; оған істі қарау туралы тиісті түрде хабарлағанда респонденттер белгіленген уақытта келмеген жағдайда респонденттердің қатысуынсыз әкімшілік істі қозғау және респондентке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы беру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру;  іске қатысушыға тиісті түрде хабарлағанда ол Департаментке әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын лауазымды тұлғаға келмеген жағдайда әкімшілік  іс материалдарын заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа қарау үшін жолдау; заңнамамен көзделген негіздер болған жағдайда әкімшілік іс істерді мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару органдарына және жұмыс орындарына жолдау (жеке немесе лауазымды тұлғаға); әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді қалыптастыру, жүргізу және ҚР БП ҚС АБ жөнелту жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы»  1-АП есебін уақытылы қалыптастыру, ҚР БП ҚС АБ деректер банкімен салыстырып тексеру жүргізу; Бюроға жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынға ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Алматы қаласының департаментіне ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; Ұлттық санақтардың дайындықтарына және санақтарға қатысуға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2021 – 12.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88