Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңінде 2021 жылғы 24 шілдеге дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

Функционалды міндеттер

Жетекшілік ететін учаске бойынша бекітілген әдіснамаға сәйкес бастапқы статистикалық ақпаратты жинауды қамтамасыз ету. Статистикалық байқаудың бастапқы статистикалық деректерінің сапасын бақылау, түзету, жиынтық шығыс кестелерінің деректерін талдау. Баға статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратты дайындау мен шығару. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақтылы жауап беру. Есептерді ұсыну бойынша респонденттермен қажетті жұмыстарды орындау.  Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңестерді ұйымдастыруға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.02.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2021 – 19.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.02.2021

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, 207каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7132) 541683

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57, 8 705 202-06-70) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.