Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы (уақытша, 11.07.2022ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттің жобасын әзірлеуге қатысу және бюджеттiк қаражаттардың игерілуін қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есептіліктердің уақытылы және сапалы жасақталуын қамтамасыз ету. Басқарма құзыреті шегінде ақша қаражаттарын аудару жұмыстарын жүзеге асыру. «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы тиісті өтінімдерді сапалы дайындау. Мемлекеттік сатып алу шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Департаменттің қаржы-шаруашылық жағдайына байланысты шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарма құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Басқарманың істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.02.2021 – 09.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.02.2021

Сұхбаттасу орны

Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56