Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

сонымен қатар, заңгер мамандығы қажет етіледі.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Басқарма құзыреті шегінде респонденттерге және Департамент қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді рәсімдеу. Әкімшілік іс жүргізу бөлігінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен әрекеттесу. Әкімшілік іс жүргізу бөлігінде мемлекеттік және сот органдарында Департамент мүддесін білдіру. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу және құқықтық сүйемелдеу. Департамент бұйрықтарының, шешімдерінің және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу және құқықтық сүйемелдеу. Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды жүргізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және ішкі талдау жүргізу. Басқарма құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.02.2021 – 09.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.02.2021

Сұхбаттасу орны

Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56