Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Махамбет ауданының статистика басқармасының басшысы
Атырау облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Басқарманың жұмыс жоспарының жасақталуын және орындалуын қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарында қаралған статистикалық байқаулар мен зерттеулердің уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің респонденттермен он-лайн режимінде ұсынылуын арттыру шараларын қабылдау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету. Статистикалық тіркелімдерді сапалы жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Басқарма құзыреті шегінде респонденттерге және интервьюерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарма құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттесу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.02.2021
- Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б»
-
8 (7122) 32-42-56