Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 31 тамызға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)
Солтүстік Қазақстан облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Статистикалық іріктеп (жаппай) зерттеу принциптерін негізге ала отырып, барлық тауар өткізу желісі бойынша бағалар туралы ақпарат жинау. Сауда және ақылы қызмет көрсету объектілерін іріктеп алу, бөлшектенген түрде баға тіркеу үшін өкілдер тауарлары мен қызметтерін іріктеп алу, базалық кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерді алмастыру бойынша жұмыс жүргізу. Алғашқы есептерді уақытында, сапалы жинап, өңдеу. Баға статистикасы бойынша статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес алғашқы және жиынтық деректердің бақылауын жүзеге асыру. Статистикалық байқаулар дерекқорын қалыптастыру. Статистикалық жарияланымдар дайындау. Мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Баға статистикасы бойынша жиынтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, дәйектілігін, қолжетімділігін қамтамасыз ету. Серпінділік қатарларын жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға, аудандық статистика басқармаларына консультация беру. Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер қатысында бақылау функцияларын жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.02.2021
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, 150008 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83
-
анықтама телефоны: (8-7152)36-11-29