Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаменттің құзыретіне жататын әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы жүзеге асыру. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, іс жүргізу құжаттарының жобаларын дайындау, қажет болған жағдайда әкімшілік материалды сот тәртібімен қарау үшін дайындау және беру, әкімшілік істің уәкілетті адам не сотпен қаралуына қатысу, әкімшілік материалдарды есепке алу және сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ведомстволық деректер банкін жүргізу, ақпараттық-есепке алу құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органға түсіру, материалдарды мәжбүрлеп орындатуға жіберу. Әкімшілік іс жүргізудің іс жүргізу әрекеттерін мемлекеттік тізілімде тіркеу. Құқық бұзушылардың шағымдарын қарау кезінде сотта департаменттің мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру. Халықаралық стандарттар мен ғылыми әдіснама негізінде статистикалық ақпаратты жетілдіру бойынша жұмысты жүргізу. Респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қабылдау, алдын ала қарау және тіркелуін жүргізу, салалық басқармалар арасында алғашқы статистикалық деректерді бөлу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Белгіленген талаптарға және Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді қоса, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Тапсырылған алғашқы статистикалық деректер негізінде статистикалық бизнес-тіркелімді (мекенжай бөлімі, белсенділігі, статистикалық есептілік бойынша байланысатын тұлға туралы деректер және т.б.) өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Респонденттерге тапсыруға қажетті статистикалық нысандар тізімдерін, статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды беру. Жаңадан тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктермен жұмысты жүзеге асыру. Құқықтары және міндеттері туралы респонденттерге консультациялық көмек көрсету және ақпараттандыру. Департаменттің интернет-ресурсына орналастыру үшін респонденттермен жұмыс туралы анықтамалық ақпаратты дайындау. Респонденттерге on-line режимінде есептерді ұсыну мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Респонденттермен жұмыс сапасын арттыру. Респонденттермен айлар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың бекітілген кестесіне сәйкес статистикалық күнтізбелікті қалыптастыру, оны электрондық табло және Департаменттің интернет-ресурсына орналастыру. Есепті жылға респонденттерге арналған оқыту семинарларының графигін құрастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.02.2021
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, 150008 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83
-
анықтама телефоны: (8-7152)36-11-29