Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ішкі аудит басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

Компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарларын, ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін дайындауға және орындауға қатысу, Бюро кызметінің бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзышылықтардың жолын кесі, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге Бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, және ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің қаржы және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтердің сақталуын талдау, бағалау және тексеру, ҚР СЖРА Стратегиялық және Операциялық жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау, және лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген басқада функционалдық міндеттері.    

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.01.2021 – 03.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.02.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29, 74-97-87