Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының басшысы, санаты «С-О-3», 1 бірлік.

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика

Қосымша талаптар

электронды хаты мемленкеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі - 20 МГ, сыртқы поштадан (mail.ru., gmail.com және т.б) - 5 МБ аспауы қажет))

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық жасау, жүктелген міндеттердің, Статистикалық жұмыстар жоспарын, басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етілуіне дербес жауапты болу. Басқармадағы атқарушылық және еңбек тәртібін, жұмыс жоспарының орындалуын бақылау. Профилактикалық бақылау түрінде респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистикасы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу. Респонденттермен семинар-кеңестер, экономикалық оқулар өткізу. «Бір терезе» қызметінде респонденттерден есептіліктің статистикалық нысандарын жинау. Респонденттердің сұрауы бойынша ағымдағы жылға статистикалық нысандардың тізімін қағаз нұсқада (жүгіртпе) ұсыну. Респонденттерге есептерді on-line режимінде ұсыну мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізу, Департамент сайтында іріктеме зерттеулер туралы тізімдерді жаңарту және орналастыру; СБТ Е-статистика ИАЖ респонденттер туралы мәліметтерді өзектендіру (нақты мекен-жайы, е-mail, телефон нөмірлері). Статистикалық ақпаратты жинау барысында туындаған мәселелер бойынша аудандық (қалалық) статистика басқармаларының мамандарына әдіснамалық көмек көрсету. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс қозғау, заңмалықпен белгіленген тәртіпте уәкіл тұлғамен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындау және істерді қозғау. Респонденттермен даулы мәселелер бойынша Департамент пен Бюро қызметінің мүдделерін сотта таныту. Келесі есепті жылға статистикалық нысандар бланктерін көбейтудегі қажеттілікті анықтау. Келіп түсетін сұраныстар мен хаттарға жауаптарды уақытында әзірлеуді қамтамасыз ету. Ісқағаздар жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмысын басқару. Департаменттің сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстау және нәтижелілігін үнемі жақсарту жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.01.2021 – 27.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.02.2021

Сұхбаттасу орны

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 73, 311

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)25-05-48, факс 8(716-2)25-04-75