Қазақстан Республикасының СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылдың 17 шілдеге дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтану
- Журналистика
- Экономика
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қоғамдық байланыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды басқару қызметін хабардар етеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Функционалды міндеттер
Департамент жұмыс жоспарын, Департамент жариялайтын статистикалық материалдардың тізбесін, баспасөзге арналған хабарламалар жоспарын, Департаменттің ай сайынғы статистикалық жұмыс жоспарларын, пайдаланушылардың өтініштерінің негізінде статистикалық материалдарды жіберу тізімін, статистикалық материалдардың шығару кестесін, журналды шығару кестесін қалыптастыруға қатысуға; Баспасөз конференцияларын, брифингтерді, Ашық есіктер күндерін, статистикалық ақпарат пайдаланушыларға арналған оқытушы семинарлардың өткізілуін, ақпараттық материалдарды дайындау және оларды шығаруға қатысу, ақпаратты ұсынып БАҚ (теледидарлама, радио) өкілдерінің алдында құрылымдылық басқарма басшыларының сөз сөйлеуін ұйымдастыру; Басшы үшін қажеттілігіне қарай баяндамаларды дайындау (жиналыстар, алқа мәжілістері кезіндегі), баспасөз хабарламаларын және Департамент қызметіне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы басқа да ақпараттық материалдарды уақытымен дайындау; Статистикалық материалдарды «Корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға» сәйкес, статистикалық материалдарды шығару кестелеріне сай қадағалау; Жиынтық тарауларды дайындауға және «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналының, қысқаша және толық статистикалық жылнамалардың дайындалуын және шығарылуын үйлестіруге қатысу; Статистикалық материалдарды «Корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқау» сәйкестігіне тексеруге; Статистикалық материалдардың сайтта орналастырылуын бақылауға, басқа басқармалармен бірлесіп сайттағы «Кері байланыс» бөлімшесіне уақтылы ақпаратты дайындауға; Статистикалық материалдарды жіберу тізіміне сәйкес электронды түрде жіберуге; Жергілікті басқарушы органдарды және басқа пайдаланушылар топтарын жиынтық статистикалық ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етуге, заңды және жеке тұлғаларға жиынтық статистикалық ақпарат алу мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсетуге; Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; Ұлттық санақты жүргізу мен дайындық ұмыстарына қатысу; Іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.01.2021
- город Алматы, проспект Абая, 125,
-
8 (727) 375-21-88